Сотталғандар үшін жылжымалы фотокөрме ұйымдастырылды

Сотталғандар үшін жылжымалы фотокөрме ұйымдастырылды

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің қызметкерлері Алматы қаласы күнінің құрметіне Мемлекеттік мұрағат қызметкерлерімен бірлесіп сотталғандар үшін жылжымалы фотокөрме ұйымдастырды.

Аталған көрмені ұйымдастыруға сондай-ақ, Алматы қаласы мемлекеттік мұрағатының  бөлім басшысы А. С. Боданбекова мен "Жетісу күші" қоғамдық қорының құрылтайшысы А. О. Абитаева атсалысты. Көшпелі фотокөрме ұйымдастырудағы мақсат –   сотталғандарды Алматының қазіргі мегаполиске айналу тарихымен таныстыру.  Көрме соңында ұйымдастырушылар мекеме кітапханасының қорына мемлекеттік мұрағат құжаттарының негізінде басылып шыққан кітаптарды сыйға тартты. Фотокөрмені ұйымдастырушыларға зор алғысымызды білдіреміз.