
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері Халықаралық Қарттар күнінде ерекше ілтипатқа ие болды. Қылмыстық-атқару саласының қиын да күрделі қызметінде тәжірибе жинақтап, шыңдалған бүгінгі ардагерлердің жас мамандарға берер тәлімі мен тәрбиесі баға жетпес бағдар екені даусыз. Қарттар күніне арналған салтанатты жиында Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерғали Сағалбаев құттықтау сөз сөйлеп, 50 ардагерге сый-сияпат табыстады.
Мерейлі мереке ардагерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көптен көріспеген қарттар мерекелік дастарханда бас қосып, әңгіме-дүкен құрды.
Сондай-ақ, зейнетке шыққан сұлу әріптестестерді де құттықтап, қызметтері үшін алғыс білдірдік.