Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшысы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков ІІМ зейнеткерлерінің қатарын толықтырды.
ІІМ-де ведомствоның бірқатар бөлініс басшыларын құрметті еңбек демалысына, яғни зейнеткерлікке шығарып салу іс-шарасы өтті.
Жиынға Ішкі істер министрі Ержан Саденов, оның орынбасарлары мен ведомствоның қызмет басшылары қатысты. Полиция ведомствосының басшысы ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет етіп, үлкен еңбек сіңірген қызметкерлерге адалдығы мен кәсібилігі үшін ризашылығын білдірді.
Қайрат Дәлбеков соңғы жылдары Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментін басқарды. Сонымен қатар Маңғыстау және Түркістан облыстарында, Шымкент қаласында полиция бастығы болды.
Сондай-ақ, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков өзі басқарған жеке құраммен қоштасып, қызметкерлерге адал қызмет етуді насихаттады.