Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығының мамандары сотталғандармен кездесті

Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығының мамандары сотталғандармен кездесті

Сотталғандарды бостандыққа шыққан соң жұмыспен қамтамасыз ету – олардың қайтадан қылмыс жасамай, қоғамнан өз орнын табуына бірден бір кепілдік беретін алғышарт. Бұл орайда жуырда Алматы қаласы еңбек мобильділігі орталығының мамандары Кенжеғұл Жанболат пен Низамидин Мұрат №13 мекемесіндегі сотталғандар арасында болып, оларды жұмыспен қамту бағдарламаларымен таныстырды. Олар сотталғандарға ҚР Әлеуметтік кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған  немесе пробациялық есепте тұратын азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота белгіленгенін жеткізді. Кәсіби мамандар мемлекет тарапынан жасалып отырған осындай мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сотталған азаматтардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік барын жан-жақты түсіндірді.

Сондай- ақ, №72 және №11 мекемелерінде де осындай кездесу өткізілді. Алматы қаласының Еңбек мобильдігі орталығы филиалы Мансап орталығының адамдардың жекеленген санаттарымен жұмыс жөніндегі бөлімінің маманы Назгүл Сарсебаева және жұмыс ізденушілер бөлімінің маманы Болат Райымбек сотталғандар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.