
Бас бостандығынан айыру орындарында қызмет өткеретін қызметкерлер күнделікті әртүрлі жағдайлармен бетпе бет келіп жатады. Солардың бірі – адамдарды ажалдан құтқару. Мысалы ұсталатын азаматтар арасында жүрек талмасы, эпилепсия, есін жоғалту сияқты түрлі жағдайлар кездеседі. Мұндайда мекеме қызметкерлері бірінші кезекте жедел жәрдем шақырады. Алайда сол жедел жәрдем келгенше алғашқы дәрігерлік көмек көрсету әр қызметкердің міндеті. Ал алғашқы көмек көрсету үшін біліктілік керек екені сөзсіз. Осыған орай жуырда Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде Алматы қалалық медициналық жедел жәрдем қызметі мамандарымен бірлесіп алғашқы шұғыл көмек көрсету жөнінде сабақтар өткізілді.
Мұндай сабақтар өткізудің мақсаты – сотталғандар арасындағы суицид немесе өлім жағдайына әкелетін басқа да әрекеттер кезінде қызметкерлерді сауатты алғашқы көмек көрсетуге үйрету.