
Жуырда Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – дінтану маманы Талдыбаев Төлеген Өмірзақұлы және Нейролингвистикалық бағдарламалау маманы, психолог Сейтқали Мирзада Шахманұлы семинар-тренинг өткізді.
Біліктіліктерін арттыру мақсатында семинарға Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
Іс шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.