"Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясындағы іс-шара

"Қақпа алдындағы кездесу" жобасы аясындағы іс-шара

Абайсызда қылмыс жасағандар жазасын өтейтін №13 мекемесінде "Қақпа алдындағы кездесу" жобасының аясында  кесімді жазасын өтеп шыққан екі сотталғанды оның жақын туыстары қақпа алдынан қарсы алды.

Қылмыстық кодекстің 216-бабы бойынша 2 жыл 6 айға сотталған М. деген азаматшаны қақпа алдында ұлы күтіп алса, Қылмыстық кодекстің 200- бабы бойынша жазасын өтеген А. деген азаматшаны туыстары күтіп алды. Екеуі де жаза өтеу уақытының аяқталуына байланысты бостандыққа шықты.

Бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығатын әрбір сотталғанға мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері мен психологтары алдын-ала  жан-жақты көмек көрсетеді. «Қақпа алдындағы кездесу» әлеуметтік жобасы аясында мекеме қызметкерлері сотталғанның денсаулық жағдайын, білім деңгейін, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жері болуын анықтап, еркіндікке шыққаннан кейінгі құқықтары мен міндеттерін түсіндірді.

Сондай-ақ, Тәжікстан азаматы 1994 жылғы сотталған М. деген азамат, мерзімі аяқталуына байланысты №13 мекемеден босатылды. Аталған сотталған шет ел азаматы болғандықтан Алматы қаласы Түрксіб ауданы Полиция басқармасының көші – қон бөлімінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты А.Т. Аугановқа тапсырылды. Қарсы алуға досы келіп, күтіп алды.