Шахматтан жасақ арасында жарыс өтті

Шахматтан жасақ арасында жарыс өтті

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында спорттық іс- шара шахматтан турнир өтті. Алматы қаласының №6 Оқушылар үйінің, шахматтан тренері Китапиянов Айдос Дүйсенович төрешілік етті
Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Бұл ойынға жазасын өтеуші жасөспірімдер қатысты.
Спорттық іс-шара спорттық ойын 5-турдан өтті. 1-орынға жазасын өтеуші жасөспірім Ә.Әділхан, 2-орын Е.Хамитұлы, 3-орын Д.Болатхан ие болды. Ойын тартысты қызықты өтті. Шахмат үйірмесінің тренері Китапиянов Айдос Дүйсенович жеңімпаздар жазалы жасөспірімдерді мақтау қағаздармен марапаттады.
САӘПТЖБ бастығының, міндетін атқарушы әділет капитаны Бекзат Жаканов қатысушыларға мекеме бастығы атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: Шахмат ойынының шығуы туралы, шахматты ойлап табу жөніндегі қызықты аңызды айту арқылы шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, жасөспірімдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.