Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер марапатталды

Қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған қызметкерлер марапатталды

Конституциясы күні Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы арасында салтанатты түрде аталып өтті.

Салтанатты жиында жеке құрамды құттықтаған департамент бастығы генерал-майор Қайрат Дәлбеков Конституцияның  қоғамның өркендеуіне үлес қосып, мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі болған басты құжат екенін атап өтті. 

Ата заңымыздың құрметіне арналған іс- шарада   қызметтік міндеттерін үлгілі атқарған және жеке құрам мен сотталғандар арасында  жүйелі жұмыс жүргізген қызметкерлер ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚАЖ комитеті, ҚАЖ департаменті басшыларының  Алғыс хаттарына ие болды.