Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесіндегі кәмелетке толмаған жазасын өтеушілер арасында «Ата заң елімнің қорғаны!» атты мәдени іс-шара өтті.
Іс шараға Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының бөлім басшысы Р. Қозыбекова мен бөлім қызметкерлері Ф.Қадырғали, А. Рақым қатысып, Ата заң туралы жан-жақты мағлұматтар берді. Сотталған балалар Ата заңымызға деген сүйіспеншіліктерін өздері шығарған өлеңдерімен айқындаса, А. Рақым жасөспірімдер арасында Quiz-интеллектуалды ойынын өткізді. Мерекеде сондай-ақ Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері жаңа кітап көрмесін ұйымдастырды.