Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі іс-шара

Қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіндегі іс-шара

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №13 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай салтанатты мереке ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында сотталғандар патриоттық әндер орындап, Ата заңымызға арнап шығарған өлеңдерін оқыды. Сонымен қатар мекеме өмірінен әзіл-оспақ көріністерін қойды.

Тәуелсіз еліміздің бас құжатына көрсетілген құрмет ретінде ұйымдастырылған мерекеде жасақтар арасында арқан тарту, гір көтеру сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтіп, ҚР Конституциясына арналған қабырға газеттерінің конкурсы болды.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар мекеме бастығының Алғыс хатын иемденсе, қалған барлық қатысушыларға ауызша алғыс жарияланды.