
Алматы қаласында Жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге өнеркәсіп, өндіріс, сауда желілері, тамақтану, медицина, фармацевтика, білім беру салаларынан жұмыс берушілер қатысты. Өтініш берушілер түйіндемені жіберуге және сол жерде алдын-ала сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Аталған жәрмеңке кезінде жұмыссыз жастар мен жұмыс тәжірибесі жоқ адамдарға ерекше көңіл бөлінді.
Бос жұмыс орны жәрмеңкесіне Алматы қаласы бойынша ҚАЖД аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 45 жұмыссыз сотталған қатысты. Оларға бос жұмыс орындары ұсынылып, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері түсіндірілді.