
Алматы қалалық әкімдігінде бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандарға медициналық көмек көрсету мәселелеріне арналған жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Нусупова, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығы Л.Иманғалиева, Алматы қалалық № 24 емхана директоры Г. Маякова және Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары әділет полковнигі Е.Ұзақов қатысты.
Аталған басқосуда тергеу тұтқынындағылар мен сотталғандарға медициналық көмек көрсету, сотталғандар арасында суицидке жол бермеу жөніндегі жұмыстардың жай-күйі, медициналық құрал-жабдықтармен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, өлімнің алдын алу туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар қалалық әкімдікке ҚАЖ департаменті тарапынан сотталғандарға қашықтықтан медициналық кеңес беру (телемедицина) туралы ұсыныстар берілді.