
Бас бостандығынан айыру орындарындағы сотталғандар білікті заң көмегін алуға құқылы. Мекеме қызметкерлері жүргізетін әлеуметтік-құқықтық көмек беру жұмысымен қатар бұл жұмысқа білікті заңгерлер де тартылады.
Жуырда №72 мекемедегі шаруашылық жасағындағы сотталғандарға Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Асқар Мейірманұлы Төлегенов заң кеңесін беріп, сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтарға білікті жауап берді.