Құрметті Алматы қаласының, Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары!

Құрметті Алматы қаласының, Алматы және Жетісу облыстарының тұрғындары!

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бөлініп, екі жеке Департамент болып қайта құрылғанын хабарлаймыз.  

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Алматы қаласында орналасады. Ал, Алматы және Жетісу облыстары бойынша  -атқару жүйесі департаменті Қонаев қаласында орналасады.

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қармағына Алматы қаласындағы №11 мекемесі (балалар колониясы), №72 мекеме (тергеу изоляторы), №13 мекеме (қоныс колониясы) және Күзет бөлімі кіреді.

"Құқық қорғау қызметі туралы"  Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар өткізілді.