
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп, Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатымен жастар арасында онлайн кездесулер ұйымдастыруда.
Атап айтқанда жуырда ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2025 жылғы 20 қазандағы кеңесі хаттамасының талаптарын іске асыру барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және заңға құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті қызметкерлері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің, Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің студенттерімен, сондай-ақ №198, №49, №211 мектеп оқушыларымен телекөпір форматында кездесу ұйымдастырды.
Телекөпір барысында №11 мекемесіндегі кәмелетке толмаған сотталғандар өздері жасаған құқық бұзушылықтары туралы айтып, жастарды заңсыз іс-әрекеттер жасамауға және бостандықтың қадірін түсінуге шақырып, өздері істеген әрекеттеріне өкініш білдірді.
Кездесуге Алматы қаласына қарасты аудандық прокуратура бөлімдерінің прокурорлары мен Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері студенттер мен оқушыларға заңды құрметтеу, оған бағыну қоғамның тұрақты дамуының және әділдік пен заң қағидаттарын нығайтудың негізгі факторларының бірі екенін жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар ҚАЖД мамандары жастарды ішкі істер органдарына жұмысқа орналасуға, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсуге шақырды
Телекөпір форматындағы кездесу «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының негізгі қағидаттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіруге мүмкіндік бере отырып, маңызды профилактикалық және тәрбиелік іс-шараға айналды.