Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 2025 жылдың 12 айындағы қызмет қорытындысына арналған жиын өтті

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 2025 жылдың 12 айындағы қызмет қорытындысына арналған жиын өтті

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде 2025 жылдың 12 айындағы қызмет қорытындысына арналған жиын өтті.

Жиынға ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары, әділет полковнигі Нияз Рыспаев қатысып, сөз сөйледі. Ол 2025 жылдағы жедел қызметтің негізгі нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым бағыттар мен міндеттерді айқындап өтті.

Іс-шара барысында ҚАЖ департаментінің басшылығы мен мекеме басшыларының есептері тыңдалып, анықталған кемшіліктер атап өтілді. Оларды жою бойынша нақты тапсырмалар беріліп, жеке жауапкершілік мәселесіне ерекше назар аударылды.

Департамент бастығы, әділет полковнигі Ерлан Ұзақов жеке құрамды Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында қаралған негізгі мәселелермен таныстырды. Сонымен қатар, 2026 жыл Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланғанын атап өтті. Бұл бағыттар алдағы уақытта ІІМ қызметіндегі басым бағыттардың бірі болатыны айтылды.