Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған жаңа мекемеге барды

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған жаңа мекемеге барды

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған жаңа мекемеге барды. Сапар барысында ол мекеме жанында жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектеп пен колледждегі білім беру үдерісінің ұйымдастырылу жағдайымен танысты.

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Ерлан Узаковпен бірлесіп сотталғандардың білім алу құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша білім беру бағдарламаларын кеңейту және үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Жаңа мекемеде кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және олардың қоғамға қайта бейімделуіне бағытталған білім беру және әлеуметтік жұмысқа ерекше көңіл бөлінуде.

Кәмелетке толмаған сотталғандар мектеп пен колледжде білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруде, атап айтқанда:

  • токарь және дәнекерлеу ісі;
  • тігін өндірісі;
  • шаштараз өнері.