Қызметкерлердің балаларына арналған мереке

Қызметкерлердің балаларына арналған мереке

Жаңа жыл қарсаңында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшылығы мен Ардагерлер кеңесінің қолдауымен Жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімше қызметкерлері балаларға ұмытылмас мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Күнделікті нысанды киімдерін ертегі кейіпкерлерінің жарқын образдарына ауыстырған қызметкерлер бүлдіршіндермен бірге би билеп, шат-шадыман күйде шырша мерекесін атап өтті.

Мерекелік кеш барысында балалар Аяз ата мен Ақшақарға арнап тақпақтарын айтып, ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Ал бүлдіршіндер үшін ең әсерлі әрі қуанышты сәт – көптен күткен жаңа жылдық сыйлықтарды алу болды.

Сонымен қатар жеке құрам қызметкерлерінің ерекше күтімді қажет ететін балалары да назардан тыс қалған жоқ. Қызметкерлер олардың үйлеріне арнайы барып, жаңа жылдық сыйлықтарын табыстап, мерекелік қуаныш сыйлады.

Бұл игі шара балалардың жүрегіне қуаныш ұялатқан, мейірім мен жылулыққа толы мереке болды.