МЕРЕКЕ КҮНІ АЛМАТЫ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 80-НЕН АСА ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

МЕРЕКЕ КҮНІ АЛМАТЫ ҚАЖ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ 80-НЕН АСА ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаментінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мен Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі салтанатты түрде аталып өтті.

Салтанатты жиынға қылмыстық-атқару саласының ардагерлері де қатысты. Мерекені құттықтау сөзбен ашқан Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов қос мерекенің маңызына кеңінен тоқталды.

Мерекелік жиында әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев жеке құрам мен ардагерлерді құттықтап сөз сөйледі. 

Жиын барысында қызметте үздік көрсеткіштерге жеткен қызметкерлерге Ішкі істер министрлігі, Қылмыстық-атқару жүйесі және Департамент басшылығының марапаттары табысталды.

Атап айтқанда ҚР Ішкі істер министрінің атынан 13 қызметкер марапатталса, оның ішінде жеке құраммен жұмыс жөніндегі бөлімшесінің бас маманы әділет капитаны Айдана Жанатаеваға мерзімінен бұрын «әділет майоры» арнаулы атағы берілді және Алатау аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Руслан Максутовқа атқаратын штаттық лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан бір саты жоғары «әділет подполковнигі» арнаулы атағы берілді. Сондай-ақ Ішкі істер министрінің орынбасары-Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының атынан 36 қызметкер  және  Алматы қаласы бойынша ҚАЖД бастығының атынын 35 қызметкер марапатталды.