Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған алғашқы заманауи мекеме ашылды

Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған алғашқы заманауи мекеме ашылды

Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік форматында салынған алғашқы заманауи мекеме ашылды.

Бүгін Алматыда кәмелетке толмаған сотталғандарды ұстауға арналған жаңа мекеме — Ішкі істер министрлігінің бастамасымен салынған қылмыстық-атқару жүйесінің қазіргі заман талабына сай  объектісі ресми түрде жұмысын бастады.

Жоба ҚАЖ комитетінің, Алматы қаласы әкімдігінің және жеке компанияның қатысуымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) форматында — мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланбай іске асырылды.

Қазіргі заманғы жаңа буын колониясы

Мекеме 200 орынға есептелген және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеудің халықаралық стандарттарына сәйкес салынған. 

Бұл қылмыстық-атқару жүйесін жаңғыртудағы және қылмыстық саясатты ізгілендіру қағидаттарын іске асырудағы маңызды қадам.

Колонияда жасөспірімдерді ұстау үшін қауіпсіз, заманауи және психологиялық қолайлы жағдайлар жасалған.

Білім беру және әлеуметтік жұмысқа ерекше көңіл бөлінген.

Кәмелетке толмаған сотталғандар Binom мектебінде және сұранысқа ие мамандықтарды меңгеретін колледжде оқиды:

* токарлық және дәнекерлеу ісі;

* тігін өндірісі;

* Шаштараз өнері.

Әр баламен жеке жұмыс істей алатын  және  әрқайсысын қолдайтын тәрбиешілер  мен психологтар жұмыс істейді.  

Нысан аумағы:

  • кітапхана және акт залы,
  • асхана және медициналық пункт,
  • футбол алаңы, баскетбол залы, workout-алаң,
  • оқу сыныптары мен өндірістік шеберханалармен жабдықталған.

МЖӘ жүйелік өзгерістер драйвері ретінде

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің бюджет шығындарысыз әлеуметтік және пенитенциарлық салада жаңа сапалы объектілер салуға мүмкіндік беретінінің жарқын мысалы болды.

"Басты мақсат — түзету ғана емес, болашақтарын жарқын ету.Сондықтан біз ұстау жағдайларын қамтамасыз етумен ғана шектелмейміз. Біздің негізгі миссиямыз — қайталанатын құқық бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдерге білім, мамандық және қоғамға дайындықпен және ынталы түрде оралуға нақты мүмкіндік беру."- деп атап өтті Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департамент бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов.