ҚАЖД МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "ЗАҢҒА БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ!" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ҚАЖД МАМАНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН "ЗАҢҒА БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ!" АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Алматы қаласындағы Туризм және қонақжайлылық индустрия колледжінде Алматы қаласы бойынша ҚАЖД  №11 мекемесі мамандарының қатысуымен “Заңға бағынған құл болмайды» атты семинар ұйымдастырылып, онда жасөспірімдер тарапынан  жасалатын құқық бұзушылықтар мен олардың арасында кездесетін девиантты мінез-құлықтың алдын-алу мәселелері талқыланды.

Дөңгелек үстел басына жиналған Туризм және қонақжайлылық индустрия колледжінің директоры Нұрдәулет Жабықбаев пен орынбасары    Асланбек Қорғанбекұлы, Алмалы ауданы ПБ Ювеналды полиция қызметкері Қолқанат Аяғанов,   педагог-психологтар Эльмира Сыдығалиева, Гүлнар Жұмабаева,    нарколог дәрігер Анна Трубникова және ата-аналар комитетінің өкілдері балалардың қылмыстық жауапкершілігі,   балаға зиян келтірмей қиын жағдайдан қалай шығу жолдары туралы мәселелерді талқылады.

Аталған семинарды ұйымдастырған  №11 мекеме бастығының кезекші көмекшісі әділет майоры Анар Мустафаев пен тәрбие бөлімінің қызметкері Еркегүл Жеңісхан  "Заң және тәртіп" қағидатын жүзеге асыруға үлес қосқан қатысушыларға мекеме бастығының алғысын жеткізді.