Жұмыс кездесуі өткізді

Жұмыс кездесуі өткізді

Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Алматы қаласы бойынша өкілдігі Үйлестіру кеңесінің мүшесі мен Алматы қаласы бойынша ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қатысушыларының қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу азаптаулардың және өзге де қатыгез қарым-қатынас түрлерінің алдын алу, сондай-ақ Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелеріне арналды. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылады, ҰАТ жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ақпарат пен ұсыныстармен алмасты.

Іс-шараға Алматы қаласы әкімдігінің, ҰҚК департаментінің, полиция департаментінің, ҚАЖ Департаментінің, әскери полиция басқармасының, сондай-ақ қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, қоғамдық денсаулық сақтау және білім басқармаларының өкілдері қатысты.