ТАНЫМАЛ ТЕОЛОГ НҰРЛАН ИМАМ ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Танымал теолог, әлеуметтік желі арқылы жастардың ықыласына бөленген имам Нұрлан Байжігітұлы Алматы қаласындағы № 72 мекеменің жеке құрамымен кездесті.
Кездесу ашық-жарқын әңгіме, пікір алмасу жағдайында өтті. Нұрлан имам жастарға дінге қайшы әдеттерден аулақ болу жолдарын түсіндірді. Мысалы ойынқұмарлық, нашақорлық сияқты зиянды әдеттердің мұсылманшылыққа жат екенін атап өтті.
Кездесудің мақсаты – қызметкерлер арасында теріс діни ағымдардың алдын алу, ата-бабамыздан бері жалғасып келе жатқан ұлттық құндылықтарды насихаттау.
Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға жауап алса, Нұрлан имам оларға адал қызмет атқаруды аманаттады.