Алматыда бұрын сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Алматыда бұрын сотталған азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Алматы қаласының Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social Project Management»орталығы «Бас бостандығынан айырылған азаматтардың әлеуметтік бейімделу мәселелерін шешу» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында Алматы қаласындағы барлық мекемелерде сотталғандармен кездесу өтті. Іс-шараға «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Айдос Қалжан қатысты.

Кездесу барысында бас бостандығынан айырылған және жазасын өтеп шыққан азаматтарды жұмыспен қамту, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктері талқыланды. Ерекше назар кәсіби білім беру мен жұмыс іздеу кезіндегі қолдау шараларына аударылды.

Мұндай бастамалар әлеуметтік интеграция деңгейін арттыруға және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған, сондай-ақ азаматтардың қоғамға толыққанды оралуына жағдай жасайды.