Қала кітапхана өкілдері ҚАЖ мекемелеріне барып қайтты

Қала кітапхана өкілдері ҚАЖ мекемелеріне барып қайтты

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана өкілдері және Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының мамандары 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Ата заңым аялайды елімді!» атты мәдени іс шараларын өткізді.

№11 мекемеде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің қызметкерлері Сейсенбаев Санжар және Нұрханова Аидамен бірлесіп шара өткізілді.

Ал, А.П.Чехов атындағы Орталық қалалық кітапхана өкілдері №72 мекемесіне арнайы барып, кітап көрмесін ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты - Қазақстан Республикасы Конституциясы туралы білімді насихаттау, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және мемлекеттік негіздерге деген құрметті қалыптастыру.

Мекеме қызметкерлері мен жазасын өтеушілер көрмеге белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Мұндай шаралар — азаматтардың рухани-мәдени деңгейін көтеруге, ұлттық бірегейлікті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.