
Алматы қаласындағы тергеу изоляторында тамаққа телефон тығып әкелген адам анықталды.
30 жастағы Данияр тергеу изоляторындағы танысына тамақ әкеліп, тамақпен бірге екі ұялы телефон өткізбекші болған.
Алайда, №72 мекемесінің Режим және күзет бөлімінің аға бақылаушысы әділет старшинасы Нұрсұлтан Молдабековтың қырағылығы нәтижесінде, оның заңсыз әрекеті іске аспай қалды.
Аталған факт ҚР ӘҚБтК 481-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберу үшін материал жиналды.