Алматы қаласы бойынша ҚАЖД жеке құрамы 23 маусым – Қазақстан полициясы күнін салтанатты түрде атап өтті.
Салтанатты мерекені Департамент бастығы Ерлан Ұзақов құттықтау сөзбен ашты.
«Бүгінгі салтанатты іс-шара – қоғам тыныштығы мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлеріне деген зор құрметтің белгісі.
Тәртіп сақшыларының табанды еңбектерінің арқасында Қазақстан полициясы халық сеніміне ие болуда. Сонымен қатар сіздердің алаңсыз қызмет атқаруларыңызға жағдай жасап, қолдау көрсетіп отырған отбасыларыңыз да ерекше құрметке лайық. Барлықтарыңызға табысты қызмет пен бақ-береке тілеймін» деді Департамент бастығы.
ҚАЖД қызметкерлері мереке күні қызмет бабында қаза тапқан әріптестері Айдарбек Сабырбековты бір минут үнсіздікпен еске алып, оның рухына құрмет көрсетті.
Салтанатты іс-шарада еңбекте жетістікке жеткен қызметкерлер марапатталып, бірқатар мамандар мен ардагерлерге «Міндет. Абырой. Ерлік» белгісі табысталды.
Мерекелік салтанатты Алматы қаласы прокуратура, Ұлттық ұлан өкілдері, ардагерлер, жеке құрам құрамның ата-аналары, жанұя мүшелері тамашалады.
Полиция күніне арналған мерекелік іс-шарада Қазақстанның белгілі өнер жұлдыздары әннен шашу шашып, көңілді мереке сыйлады.