«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс- шара өткізілді

«Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс- шара өткізілді

Алматыдағы №13 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы аясында іс- шара өткізілді. 

Алматы қаласының Мансап орталығының маманымен бірлесе:

– Қалай жаңа мамандық алуға болады

– Жұмыс іздеудің тиімді жолдары

– Мемлекеттік қолдау шаралары

– Бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмірді неден бастау керек деген сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

 

Барлығы — ҚР Әлеуметтік кодексінің 98-бабы аясында, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмектесу мақсатында жүзеге асырылады.

Сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу — тек қылмыстық-атқару жүйесінің емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әлеуметтену қайталанатын қылмыстардың алдын алып, адамға жаңа өмірге жол ашады. 

Қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылып, жеке кеңестер берілді және бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырылды.