Қазақ мемлекеттік цирк әртістері ҚАЖ мекемесінде қойылым қойды

Қазақ мемлекеттік цирк әртістері ҚАЖ мекемесінде қойылым қойды

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды қайтадан тәрбиелеп, оларды қоғамға толыққанды азамат етіп қайтару жұмыстарымен тәрбие бөлімінің мамандары айналысады. Олар түрлі әдеби-мәдени шараларды ұйымдастыру арқылы сотталғандардың бойында өнерге деген құштарлықты арттыру арқылы олардың қате басқан қадамдарын түзетуге тырысады. Жуырда тәрбие бөлімінің мамандары осындай тағы бір игі істі жүзеге асыру мақсатында Алматыдағы балалар колониясына цирк артистерін шақырып, жазалы балаларға қуанышты көңіл күй сыйлады. Бір сөзбен айтқанда Қазақ мемлекеттік цирк әртістерінің дайындаған әртүрлі қызықты қойылымдары жазалы балалардың көңілін көтеріп тастады.