GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Өкілдік туралы
Құжаттар
Қызметі
Все материалы
Әлеуметтік сала
20 октября 2026
Алматы студенттері Республика күніне орай «Менің Қазақстаным!» республикалық акциясын бастады

25 қазан – Республика күні қарсаңында Алматыдағы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің (QyzPU) студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады. Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны Қазақстанның өзге жоғары оқу орындарына жолдады.

Іс-шара «Республика және Конституция: жауапты азамат – қуатты мемлекет» атты зияткерлік-ағартушылық апталық аясында өтті. Бастаманың мақсаты – еліміздің әр өңіріндегі жастарды Республика күнін мерекелеуге тарту.

«Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін, ұлттық рухын дәріптейтін ерекше мереке. Тәуелсіз Қазақстан өркендеп, болашағы жарқын болсын!» – деді университет студенттері.

Эстафетаны жалғастыру ALT University мен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттеріне ұсынылды. Олар акцияға қосылып, бастаманы өзге жоғары оқу орындарына жолдай алады.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл бастама еліміздің әр қаласындағы студенттердің бір арнаға тоғысып, Республика күнін бірге атап өтуіне жол ашады.

Әлеуметтік сала
20 октября 2026
Алматы тұрғындарын цифрлық қауіпсіздік мәселесіне арналған кездесуге шақырады

23 қазанда сағат 10:00-де Almaty Hub алаңында цифрлық гигиена, киберқауіпсіздік және дербес деректерді қорғау мәселесіне арналған кездесу өтеді. Іс-шараны Almaty Hub пен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады.

Қалалық Цифрландыру басқармасының мәліметінше, кездесуге қатысушыларға қазіргі цифрлық қауіп-қатерлер, жеке ақпаратты қорғау жолдары және интернеттегі қауіпсіздік ережелері туралы айтылады. Сондай-ақ, сарапшылар цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша тәжірибелік кеңес береді.

Кездесуде Red Team жобасының менеджері Айдын Қожамияров, Kaspersky компаниясының Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолия елдеріндегі мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі жетекшісі Әсет Қасымұлы Ордабаев және MSSP.GLOBAL компаниясының Citizensec.kz жобасының жетекшісі Гүлдана Жұматай спикер ретінде сөз сөйлейді.

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет: https://dearly-homelike-bagpipe.tilda.ws

Қоғам
17 октября 2026
Алматы әкімі азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы барысында қала тұрғындары тұрғын үймен қамтамасыз ету, көріктендіру, инфрақұрылымды дамыту және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару мәселесін көтерді.

Әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету, жер телімдерін рәсімдеу, жолдар мен инженерлік желілердің жай-күйі, сондай-ақ нысандар құрылысы кезінде белгіленген талаптардың сақталуы мәселелеріне назар аударылды.

Қала тұрғындары көппәтерлі тұрғын үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау, кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметі, аулаларды көріктендіру және жасыл желекті сақтау бойынша да жүгінді. Сонымен қатар электрмен жабдықтау және әлеуметтік көмек көрсету жайы назардан тыс қалмады.

Қабылдау барысында жауапты басқармалар мен аудан әкімдіктерінің өкілдері көтерілген сауалдар бойынша түсініктеме берді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштерді әкімнің тапсырмасына сәйкес қолданыстағы заңнама аясында тиісті қызметтер қарастырады.

17 октября 2026
Алматыда Республика күніне орай Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары өтеді

Республика күні қарсаңында Алматыда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциясы өтеді. Акциялар аясында сатып алушыларға түрлі тауарлар жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Акциялар 2026 жылы 17 қазанда басталып, 27 қазанға дейін жалғасады.

Мерекелік жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстардың ең ауқымды кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері арнайы ұсыныстар мен жеңілдікпен сатылатын тауарлардың басым бөлігі қолжетімді болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларды төмендетілген бағамен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Ұлттық мерекеге орай ұйымдастырылатын акциялар халық үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға және ішкі сауданы дамытуға бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін ілгерілетуге ерекше көңіл бөлінеді.

Мерекелік акцияларға Алматы қаласының сауда нысандары қатысады. Қала тұрғындары мен қонақтарына тауарлардың түрлі санаты бойынша арнайы ұсыныстар мен жеңілдіктер қарастырылады.

«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акцияларына қатысатын сауда нысандарының тізімі

 

Republic Day

1

СОО «MEGA Alma Ata»

Розыбакиев көшесі, 247а;

2

СОО «MEGA Park»

Мақатаев көшесі, 127/1;

3

СОО «Forum Almaty»

Сейфуллин даңғылы, 617;

4

СОО «MOSKVA»

8-шағынаудан, 37/1;

5

СОО «Aport Mall East»

Құлжа тасжолы, 106;

6

СОО «Almaty mall»

Қуаныш шағынауданы, 11в/28;

7

СОО «Sputnik Mall»

Мамыр-1 шағынауданы, 8а;

8

СОО «Atakent Mall»

Тимирязев көшесі, 42;

9

СОО «Dostyk Plaza»

Самал-2 шағынауданы, 111;

10

СОО «Globus»

Абай даңғылы, 109в;

11

СОО «Март»

Рихард Зорге көшесі, 18/4;

12

СО «Адем»

Солтүстік айналма көшесі, 3;

13

СО «Тигрохауд»

4-шағынаудан, 10А;

14

СО «Abay Plaza»

4-шағынаудан, 10Б;

Bereke Fest

1.     

СЖ «Magnum»

Радостовец көшесі, 292

2.     

 

 

ТС Small

 

 

Райымбек даңғылы, 507А

3.     

Самал-2 шағынауданы,

4.     

Төле би көшесі, 187

5.     

Төле би көшесі, 71

6.     

Уәлиханов көшесі, 33

7.     

Достық даңғылы, 29

8.     

СЖ «A-Store»

Сәтбаев көшесі, 90

9.     

СЖ «Toimart»

Розыбакиев көшесі, 4

10.  

Райымбек даңғылы, 212В

11.  

Шұғыла шағынауданы, 340/35, 14-корпус, 66-тұрғын емес үй-жай

12.  

Райымбек даңғылы, 212

13.  

Райымбек даңғылы, 237А

14.  

Қонаев көшесі, 153

15.  

Жандосов көшесі, 21/171

16.  

Ясауи көшесі, 68

17.  

Бекболат көшесі, 2/3

18.  

Солтүстік айналма көшесі, 53В

19.  

Сүйінбай даңғылы, 261

20.  

Ашимов көшесі, 13А

21.  

Қайрат шағынауданы, 181

22.  

Нұркент шағынауданы, 5/22

23.  

Навои көшесі, 328

24.  

Бақшалы көшесі, 7/29

25.  

Сәтбаев көшесі, 90/21

26.  

Ақсай-2 шағынауданы, 8/3

27.  

4-шағынаудан, 28/1

28.  

11-шағынаудан, 27

29.  

Жанқожа батыр көшесі, 161

30.  

Ырысты көшесі, 46/4

31.  

Сейфуллин даңғылы, 510

32.  

Ақан сері көшесі

 

Жастар саясаты
16 октября 2026
Алматыда ғылыми гранттар конкурсының қорытынды кезеңі өтті

Алматыда ғылыми гранттар конкурсының финалдық кезеңіне 23 жоба жолдама алды. Байқау перспективалы ғылыми әзірлемелерді қолдауға, олардың практикалық әлеуетін ашуға және ғылым жетістіктерін нақты өмірде қолдануға бағытталған.

Финалдық кезеңде жобалардың ғылыми жаңалығы, практикалық маңызы, коммерцияландыру әлеуеті және іске асыру мүмкіндігі жан-жақты бағаланды. Бұл ретте ұсынылған әзірлемелердің өзектілігі мен қаланың дамуына қосатын ықтимал үлесіне ерекше назар аударылды.

Жобаларды бағалауға Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Ғылым және технологиялар кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының өкілдері, ғылыми қоғамдастық пен қоғам өкілдері қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік жобалар Республика күні қарсаңында анықталады. Жеңімпаздарға өз ғылыми әзірлемелерін жүзеге асыруға арналған гранттар беріледі.

Байқау ғылыми идеяларды нақты нәтижеге айналдыруға, зерттеушілердің әлеуетін қолдауға және ғылыми әзірлемелерді тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.

№

 Заявка/Өтініш

1

2

2

4

3

5

4

13

5

21

6

27

7

42

8

48

9

61

10

62

11

65

12

67

13

85

14

102

15

130

16

151

17

166

18

167

19

174

20

193

21

202

22

218

23

223

Әлеуметтік сала
16 октября 2026
Алматыда Саин көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектелед

Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары аясында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 17 қазан сағат 07:00-ден 19 қазан сағат 23:00-ге дейін Саин көшесінің Рысқұлов даңғылынан Мөңке би көшесіне дейінгі бөлігінің шығыс жағында, сондай-ақ Шәріпов көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылады. Шектеу асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

Әлеуметтік сала
16 октября 2026
Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданын жұмыс сапары барысында аралап, «Алматы Тазалық» МКК-нің жаңартылған өндірістік базасына барды. Шаһар басшысы арнайы техникаларды қарап, қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысып, кәсіпорын ұжымымен кездесті.

Аумағы 2 гектар болатын өндірістік база Байсұлтанов көшесінде орналасқан. Мұнда 352 адам еңбек етеді және 66 арнайы техника, оның ішінде жолға қызмет көрсететін 14 әмбебап машина бар.

Кәсіпорын аумағында 12,5 мың шаршы метр асфальтбетон жабыны төселіп, көктайғаққа қарсы материалдарды сақтауға арналған алаң жабдықталды. Сондай-ақ көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, базаның инфрақұрылымы жаңартылды.

Қызметкерлермен кездесуде Дархан Сатыбалды коммуналдық қызметтердің сапалы жұмысы жұмысшылардың еңбек жағдайына тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Қызметкерлерге лайықты еңбек жағдайын жасауымыз керек. Қажетті жағдай жасалмаса, жұмысты сапалы орындауды қалай талап етеміз? Ең алдымен, қаламыздың тазалығын күн сайын қамтамасыз етіп жүрген адамдардың еңбегін құрметтеуіміз қажет», – деді қала әкімі.

Кездесу барысында қала көшелерін күтіп ұстау, тазалық жұмыстарын ұйымдастыру және коммуналдық қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударылды.

«Тазалық бірінші орында тұруы керек. Тазалық, тәртіп пен көркейту қаланың жалпы келбетін қалыптастырады. Басқа елге немесе қалаға барғанда, ең алдымен, оның қаншалықты таза екеніне назар аударамыз. Бұл қоршаған ортаны қалай қабылдайтынымызға және оған деген көзқарасымызға әсер етеді. Тазалық жоқ жерде тәртіп те болмайды. Сондықтан бұл жұмыс тұрақты әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек», – деді Дархан Сатыбалды.

Қала әкімі Мемлекет басшысы Алматыны ретке келтіру міндетін қойғанын да жеткізді. Осыған байланысты қаланы көркейту және тазалық сақтау жұмыстары жалғасады. Ал коммуналдық қызметтер бұл міндеттердің жүйелі әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.

Қазіргі таңда «Алматы Тазалық» кәсіпорнының автопаркінде 1 017 техника бар. Қысқы тазалық жұмыстарына 830 техника қарастырылған. Оның ішінде жыл бойы пайдаланылатын 700 машина және қысқы жұмыстарға арналған 130 арнайы техника бар. Ал қалған 187 техника жаз мезгілінде қолданылады.

Биыл кәсіпорын қосымша 200 арнайы техника сатып алып жатыр. Соның нәтижесінде автопарк құрамындағы техниканың жалпы саны 1 217-ге жетеді.

Мәдениет
16 октября 2026
Алматыда этномәдени туризмнің жаңа үлгісі – «Қазақтың тойлы кеші» жобасы таныстырылады

Алматыда шетелдік қонақтар арасында қазақтың ұлттық дәстүрін кеңінен насихаттауға бағытталған «Қазақтың тойлы кеші» атты жаңа туристік жоба іске қосылуға дайындалып жатыр. Жоба аясында қазақтың үйлену тойына тән салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға негізделген мәдени-ойын-сауық кештерін өткізу көзделген.

Жаңа формат туристерге Қазақстанның мәдени мұрасымен музыка, ұлттық тағамдар, салт-дәстүрлер мен қонақжайлық рәсімдері арқылы танысуға мүмкіндік береді.

Бағдарламада беташар және сәлем салу дәстүрін сахналық қойылым түрінде көрсету, құдаларды қарсы алу салтымен таныстыру, фольклорлық ұжымдардың өнер көрсетуі, ұлттық би мен қазақ тағамдарынан дәм тату қарастырылған. Сондай-ақ ұлттық киім, саятшылық өнер және қазақтың тазы тұқымды иттерімен таныстыру сияқты ұлттық мәдениет құрылымдарына ерекше көңіл бөлінеді.

«Шетелдік туристердің Қазақстанның мәдениеті мен дәстүріне деген қызығушылығы артып келе жатқанын байқап отырмыз. Дегенмен ұлттық салт-дәстүрлеріміздің көбі олар үшін әлі де беймәлім. «Қазақтың тойлы кеші» жобасы қазақ мәдениетінің бай мұрасын түсінікті әрі қызықты форматта таныстыруға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – қонақтарды салт-дәстүрлермен таныстырып қана қоймай, олардың Қазақстан туралы жарқын әсер қалдыратын мәдени іс-шараға тікелей қатысуына жағдай жасау», – деді Resident Hotels қонақ үйлер желісінің директоры Серік Молданбаев.

Халықаралық туристік бизнес өкілдері де жаңа бағыттың келешегі зор екенін атап өтеді.

«Біз Үндістан, Оңтүстік Корея, Малайзия, Таиланд, Польша, Германия және БАӘ сияқты 13 елден келетін туристердің Алматыға сапарын ұйымдастырамыз. Бүгінде саяхатшылар табиғи көрікті жерлермен ғана емес, елдің төл мәдениетімен де жақынырақ танысуға ұмтылады. Мұндай жобалар туристік бағдарламаларды түрлендіріп, қонақтарға қазақтың салт-дәстүрлерімен танысудың бірегей мүмкіндігін ұсынады», – деді туроператор Вишал Джайн.

Осындай бастамаларды дамыту Алматының туристік мүмкіндіктерін кеңейтіп, туристерді қызықтыратын жаңа орын мен бағыт қалыптастыруға және шетелдік саяхатшылардың Қазақстанның ұлттық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

2025 жылы Алматыға 754 мың шетелдік турист келсе, 2026 жылы бұл көрсеткіш 800 мыңнан асады деп болжанып отыр. Қалаға келетін туристер санының артуы этномәдени жобаларды дамытып, туристерге ұсынылатын бағыттар мен қызмет түрлерін кеңейтудің маңызын арттыра түседі.

Әлеуметтік сала
16 октября 2026
Алматы мектептерінде балалардың қауіпсіздігіне арналған практикалық сабақтар өтіп жатыр

Алматыда оқушыларға жол жүру ережесі, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріп-тұру және қауіпті жағдайда әрекет ету тәртібі үйретіліп жатыр. Оқу-жаттығу шаралары қала прокуратурасының бастамасымен Алматы әкімдігі және Полиция департаменті бірлесіп жүзеге асырып жатқан «Балалар және жол: қауіпсіздік аумағы» жобасы аясында қолға алынған. Бұл туралы Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері айтты.

Осындай шаралардың бірі Наурызбай ауданындағы №221 жалпы білім беретін мектепте өтті. 4-8-сынып оқушыларына жолда жиі кездесетін қауіпті жағдайлар бес түрлі көрініс арқылы көрсетілді.

Оқушыларға автобустың немесе жол жиегінде тұрған көліктің алдынан жүгіріп шығудың неліктен қауіпті екені, домалап кеткен доптың артынан жүгірудің қандай қауіп төндіретіні және бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту қандай салдарға әкелуі мүмкін екені түсіндірілді. Велосипед пен самокатты қауіпсіз пайдалану ережесі де назардан тыс қалмады.

Бағдарлама аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерімен де сабақтар өткізілді. Оқушыларға бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде сақталуға тиіс ережелер, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, есірткінің зияны және құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы айтылды.

Полицияның арнайы бөлімшелері қызметкерлері мен кинологтардың көрсетілімдері балалардың ерекше қызығушылығын тудырды. Оқушылар қызметтік иттердің күдікті заттарды қалай анықтайтынын көріп, арнайы бөлімше қызметкерлерінің кәсіби даярлық тәсілдерімен танысты.

Іс-шараға Алматы прокуроры Серік Кәріпбеков, Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдулдинов және қалалық Білім басқармасының басшысы Сәкен Аралбаев қатысты.

Практикалық сабақтар оқушыларға қауіпсіздік ережесін біліп қана қоймай, мектепке барар жолда, аулада немесе қоғамдық орындарда кездесуі мүмкін жағдайды талдауға мүмкіндік береді.

Осындай сабақтарды Алматыдағы басқа да білім беру ұйымдарында құқық қорғау органдарының қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

Әлеуметтік сала
16 октября 2026
Алматыда «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында демалыс күнгі жәрмеңкелер өтеді

Алматыда осы демалыс күндері «Дала дәмі» республикалық акциясы аясында жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтары жаңа жиналған ауыл шаруашылығы өнімдерін, маусымдық көкөністер мен жеміс-жидектерді және басқа да отандық тауарларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазақстанның басқа өңірлерінен 330 фермерлік шаруашылық пен отандық өндіруші қатысады.

Сауда орындарында көкөністер мен жеміс-жидектерден бастап, ет және сүт өнімдері, жұмыртқа, бал мен нан-тоқаш өнімдеріне дейінгі 1 000-нан астам тауар түрі ұсынылады.

«Дала дәмі» акциясы аясында жәрмеңкелер өткізу отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін кеңінен танытуға, фермерлік шаруашылықтарды қолдауға және тұрғындардың сапалы азық-түлікті қолжетімді бағамен сатып алуына мүмкіндік жасауға бағытталған.

Сонымен қатар Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Сауда орындары қаланың дизайн-кодына сай заманауи талаптарға сәйкестендірілуде. Атап айтқанда, сауда орындарын безендіру, аумақты көркейту және сауда орындарын ұйымдастыруда бірыңғай тәсіл қолданылады.

Жаңғыртылған алғашқы сауда алаңы Бостандық ауданындағы «Қазақфильм» шағынауданында ашылды. Аумағы 49 сотық болатын алаңда ашық және жабық павильондарды, сондай-ақ фудкорт аймағын қамтитын 112 сауда орны жабдықталған. Жаңартылған алаң сатушылар мен сатып алушыларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Қазір Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық, Жетісу және Түрксіб сынды алты ауданында демалыс күнгі жәрмеңкелер жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
• Бостандық ауданы – «Қазақфильм» шағынауданы;
• Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
• Медеу ауданы – Мендіқұлов пен Бектұров көшелерінің қиылысы;
• Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
• Жетісу ауданы – «Құлагер» шағынауданы;
• Түрксіб ауданы – Рысқұлов даңғылы мен Айтықов көшелерінің қиылысы.

Социальные сети
Facebook
Twitter
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы