Nur Otan конференциясы, Индустриалды аймақ кәсіпорындары және Әуезов ауданын аралау

Nur Otan конференциясы, Индустриалды аймақ кәсіпорындары және Әуезов ауданын аралау

Конференциядан соң Б.Байбек пен Б.Сағынтаев «Asia Steel Pipe» ЖШС-тің мұнай, газ, су және мұнай өнімдерін тасымалдау үшін үлкен диаметрлі балқытылған құбырлар шығаратын бірінші цехында болды. «Tokyo Rope Manufacturing» трансұлттық корпорациясының инженерлік қорғаныс жүйелерін өндіретін «Tokyo Rope Almaty» зауытының жұмысымен танысты.

Жеңіл автомобильдерді шығаратын «Hyundai Trans Kazakhstan» зауытының құрылыс алаңында болды. Б.Байбек пен Б.Сағынтаев Алматыда шығарылған жаңа электробустарды көрді. Олар электробуспен Төле би көшесінің бойымен (Яссауи көшесінен) ШАКЖ дейін барды. Жақын арада осы №206 бағыт бойынша алғашқы made in Almaty электробустары жүре бастайды. Бұдан соң олар Рысқұлов даңғылы – Құлжа тракті жолайрығындағы эстакада бойымен солтүстік бағыт бойынша көлік қозғалысының ашылуына қатысты.

Бақытжан Сағынтаев Алматының көлік инфрақұрылымына баға берді. Жұмыс сапарымен Әуезов ауданында болды. Мегаполис әкіміне «Алматы қаласының көлік холдингі» жүзеге асырған электронды билеттендірудің инновациялық жүйесінің жұмысы туралы баяндалды. Алматы әкімі метроның «Достық» бекетінің құрылыс барысын тексерді, ЖРК құрылысының жобасын дамыту туралы баяндамаларды тыңдады. Б.Сағынтаев «Мамыр-4» ықшам ауданының тұрғындарымен кездесіп, жөнделген аулаларды көрді. Аудан әкіміне жарықтандыру мен жасылдандыру жұмыстарын жүргізгенде қалалықтардың талабы ескерілуі тиіс екені тапсырылды.