
Алматы қаласы цифрландыру Басқармасының хабарлауынша, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін "coursera" онлайн-білім беру платформасында тіркелетін алматылықтарға әлемнің жетекші университеттерінің курстары тегін болады.
"Сoursera" онлайн білім беру компаниясымен келісім аясында біздің қаланың тұрғындарына курстарды тегін өту үшін 5000 орын алынғанын еске саламыз.
Бүгінгі таңда адамдардың 61% - ы қосылып, курстардан сәтті өтуде. Қатысамын деушілерге қыркүйек айының соңына дейін тіркелу мүмкіндік бар, сонымен бірге ағымдағы жылдың соңына дейін тегін курстарды пайдалана алады.
Осылайша, кез-келген алматылық үйден шықпай -ақ, Stanford University, University of Pennsylvania, Princeton University, University of Michigan, Peking University сияқты алып оқу орындарының өткізетін курстардың студенті атана алады.
Келісімшартқа сәйкес, 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін тіркеуден өткендерге 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін тегін қатысу мүмкіндігі бар.
Тіркелу үшін өтінімді almaty.coursera@mail.kz сайтына мына мәліметтерді міндетті түрде көрсету керек:
Әрі қарай, 4 күн ішінде көрсетілген электрондық мекенжайға шақыру келеді.
Онлайн дәрістер арқылы тіркелгеннен кейін студент келесі бағыттар бойынша курстарды игере алады::
Курс аяқталғаннан кейін студент растайтын сертификат алады.
Айта кету керек, "coursera" - да екі аптадан астам уақыт бойы жеке кабинетті пайдаланбаған жағдайда, тіркелу жойылады.
Толық ақпаратты мына сілтемеден оқуға болады.