"Бюджетке қатысу": Бюджет қаражатына Алматыны абаттандыру жобасын қала тұрғындары қалай жүзеге асыра алады

"Бюджетке қатысу": Бюджет қаражатына Алматыны абаттандыру жобасын қала тұрғындары қалай жүзеге асыра алады

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында, Алматы қаласы Стратегия және бюджет Басқармасының басшысы Алмас Батанов, "бюджетке қатысу" жобасы аясында өтінімдерді қарау тәртібі туралы айтып берді.
Брифингке сондай-ақ, "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұртас Қайыров та қатысты.


Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға арналған қоғамдық маңызы бар шығыстарға қатысты онлайн-сауалнамаларды қолданудың маңыздылығын атап өтті. Бұл "бюджетке халықтың қатысуы"-ды дамытудың келесі кезеңі болуы керек.
Алматыда "бюджетке қатысу" бағдарламасы аясында, 2019 жылы жалпы сомасы 14,5 млрд.теңге болатын 333 жобаға өтінім берілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша іске асыруға 1,4 млрд.теңгеге 55 жоба жіберілді.
Алмас Батановтың айтуынша, ағымдағы жылы Қаржы министрлігі халықтың бюджетке қатысуын жүзеге асыру ережесін бекітті.
"Негізгі өзгерістер қаржыландыру көлеміне қатысты болды. Өткен жылы әр ауданға 500 млн. теңгеден бөлінді. Қазір бұл сома 800 млн. теңгені құрайды. Сондай – ақ, 1 жобалық ұсыныстың шекті құны-55,5 млн.теңгені құрайды. Өткен жылы бұл сома 100 млн теңгені құрады", - деді Алмас Батанов.
2021 жылға өтінім қабылдау басталды. 3 қыркүйекте, бір күннің өзінде 12 өтінім келіп түсті. Өтінім қабылдау осы жылдың 5 қазанына дейін budget.open-almaty.kz. сайтында жүргізіледі. Екінші кезең-жобаларды бағалау.
"Жобалық ұсыныстарды қабылдау аяқталған күннен бастап, сараптамалық кеңес бір апта ішінде жоба критерийлеріне сәйкестігін тексеріп, талдау жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша алдын ала рұқсат беру хаттамасы дайындалады. Одан әрі оны ресми интернет-ресурста, сондай-ақ, жобаны пысықтау бойынша ұсыныс жариялайды", - деп түсіндірді Алмас Батанов. Авторлардың жобаларды пысықтауы 4 күн ішінде жүзеге асырылатынын айтты.
Пысықталған жобалар 2 күн ішінде қаралады, хаттамамен рәсімделеді және 1 жұмыс күні ішінде сайтта жарияланады.
Сайтта жобалық ұсыныстар орналастырылған сәттен бастап, ағымдағы жылдың 8 қарашасында сайтта авторизациядан өткен тұрғындар дауыс береді.
"Өткен тәжірибені ескере отырып, біз дауыс беру мүмкіндігін тек ЭЦҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар растайтын СМС коды бар ЖСН негізінде, сондай - ақ, әкімдіктер жанындағы әр ауданда тиісті жәшіктер орнатылған қағаз жәшік арқылы жүзеге асырамыз", - деді Алмас Батанов.
Дауыс беру нәтижесінің негізінде сараптамалық кеңес қорытынды және тиісті шешім шығарады. 10 тұрғыннан аз дауыс берген жобалық ұсыныстар іске асырылуға жіберілмейді. Дауыс беру нәтижелері мен Сараптамалық кеңестің шешімі Сайтта және БАҚ-та жарияланады.
Қорытындыда аудандық әкімдіктер мен басқармалар бюджеттік заңнамаға сәйкес қаржыландырылатын бюджеттік өтінімдер мен жобаларды қалыптастырады.
ҚР ҚМ ережелері бойынша басым бағыттар аумақты көгалдандыру, тротуарларды жайластыру, тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу, ортақ пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру, жиектастарды, жолға төселетін тастарды, тіреу қабырғаларын жөндеу, қоқыс тастайтын жерлерді жою, спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), аула аумақтары мен жалпы пайдалану орындарындағы балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру жобалары болып табылады.