Ішкі тәртіп және маска тағу — алматылық психологтар пандемия жағдайында қалай өмір сүру керектігі туралы ұсыныстар айтты

Ішкі тәртіп және маска тағу — алматылық психологтар пандемия жағдайында қалай өмір сүру керектігі туралы ұсыныстар айтты

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы онлайн-брифинг барысында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры Николай Негай, алматылықтарға коронавирус пандемиясы жағдайында қалай өмір сүру керектігі жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

 

Маманның айтуынша, бүгінгі таңда қоғамда пандемия кезінде болуы мүмкін деп күтілген теріс реакциялар байқалады: теріске шығару, агрессия, аулақ болу және күдік. Ал   басты мәселе-бұл жағымсыз реакциялар инфекцияның таралуына ықпал етіп, ұзақ және ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін.

"Бұл құбылыстардың алдын алу, азайту және жою үшін адамның өзі қолдана алатын стрессті басқарудың арнайы әдістері көмекке келуі мүмкін: релаксация көмегімен психологиялық тұрақты болуды арттыру, тыныс алуды басқару және т.б. Сондай-ақ психологиялық жағдайларға байланысты туындаған сұрақтарға дер кезінде жауап алу. Егер бір нәрсе біздің бақылауымызда болмаса немесе біз білмесек, ондай кезде ұстамдылықты жоғалтып, ойдан құрастыруды шығара бастаймыз. Бұған жол бермеу үшін нақты қойылған сұрақтарға жауап алу қажет", - деп түсіндірді Николай Негай. Егер қажет болып жатса, онлайн түрде мамандардар кеңес алуға болатынын айтты.

Сонымен қатар, Николай Негай, қалалықтарға ДДСҰ ұсынған ережелерді сақтауға шақырды.

"Біріншіден, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қолды өңдеу. Екіншіден, бұл — тәртіп. Ішкі тәртіп, яғни дұрыс режим күні, дұрыс тамақтану, басқалардың кеңістігін бұзбау үшін физикалық белсенді болу. Жалпы, біз осымен өмір сүріп жатырмыз. Адам ағзасы-тез бейімделетін организм. Сондықтан біз өмір сүру жағдайларының өзгеруіне бейімделіп жатырмыз. Бұны стресс деп қабылдамау керек. Біз не болып жатқанын түсінуіміз керек және   соған сай өмір сүру қажет",- деді Николай Негай.

Айта кететін жайт, бүгінгі таңда Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы, психикалық денсаулық саласындағы мамандарымен бірге БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен платформа дайындалды: covid-19.mentalcenter.kz Бұл жерден сіз барлық ақпаратты ала аласыз, сұрақ қойып, стрессті жеңу әдістерін оқып, тегін онлайн кеңес ала аласыз. Бүгінгі таңда 61 маман, 6 республикалық деңгейдегі супервизор қызмет көрсетеді.

Халықты психологиялық және психотерапиялық қолдау ресурстары: https://covid-19.mentalcenter.kz, YouTube арнасы – Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен Mentalcenter QAZAQSTAN.