Алматыда Nur Otan-да праймериз өткізудің тәртібі туралы айтты

Алматыда Nur Otan-да праймериз өткізудің тәртібі туралы айтты

Бұл туралы онлайн баспасөз конференциясы кезінде Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров айтты.

 

Биылғы жылы Nur Otan париясында праймериз жаңа форматта өтеді. 17 тамыздан құжаттарды қабылдау басталды. Праймериздің мақсаты – мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихатқа одан ары тиімді депутаттар корпусын қалыптастыру үшін шынайы көшбасшыларды таңдау.

 

«Праймериздің негізгі мақсаты бәсекелестік және шынайылық негізде тізімді дайындау болып табылады. Олар Nur Otan партиясына сайлануға баратын адамдар. Кез келген адам, бірінші кезекте, еліздің тағдырына бей-жай қарамайтын, доктринада жазылған партия құндылықтарын тең көретін, сайлау құқығына ие және тіркеу аяқталғанға дейін партияға кірген адамдар қатыса алады», — деп хабарлады С. Канкуров.

 

Ол әйелдер қауымы мен жастарды тартуға ерекше назар аударылып отырғанын атап өтті.

 

Оның айтуынша, праймериз ережелерінде партия тізімінде кемінде әйелдердің 30% және 35 жасқа дейінгі жастардың 20% болу керектігі жазылған.

 

Праймериз бес кезең бойынша өтеді:

- үміткерлерді ұсыну және тіркеу;

- үгіт-насихат шараларына үміткерлерді дайындау;

- үгіт-насихат жұмыстары;

- дауыс беруді өткізу;

- тізімдерді дайындау.

 

7 қыркүйек күні үгіт-насихат жұмыстары басталып, 3 қазанға дейін жалғасады. Қазір, карантин кезінде барлық сақтық шараларын сақтау қажет, және сол себепті көптеген шаралар онлайн өткізіледі.

 

«Бірінші кезең басталды және 28 тамызға дейін өтеді. Бүгінгі күннің сағат 10 кезіндегі жағдай бойынша, 96 алматылық тіркелген. Олардың ішінде шамамен 30%-ы әйелдер, 25%-жастар. Сонымен бірге, ерекше мұқтаж адамдар, көпбалалы аналар, волонтерлар жіне басқалары. Тіркеу аяқталғаннан кейін, 30 тамыз күні біз тіркеуден өткен барлық тізімдерді жариялаймыз», — деді С.Канкуров.

 

7 қыркүйектен 3 қазанға дейін үміткерлер үгіт-насихат науқанын өткізеді. Осы кезеңде 14-30 қыркүйек аралығында карантиннің барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, көпшілік алдында дебаттар өткізу жоспарлануда. Көптеген шаралар барлық сақтық шараларын сақтай отырып, онлайн форматта өткізіледі. Электронды дауыс беру 1-3 қазан аралығында жаңа ақпараттық жүйе арқылы өтеді.

 

Партия мүшелері үш әдіс арқылы дауыс бере алады:

Түрлі себептерге байланысты онлайн форматта жаңа технологиялардың көмегімен дауыс беру мүмкіндігі жоқтар дәстүрлі түрде сайлау учаскелерінде бір күн өтетін – 3 қазанда дауыс берудің дәстүрлі түрі қарастырылған. Бірақ қағаз бюллетеньдер болмайды. Электронды дауыс беру жүйесі орнатылған компьютерлер болады.

 

Сайлау учаскелері алғашқы партиялық ұйымдардың ғимараттарында өтеді. Олардың тізімі қосымша ресми интернет-ресурстарда жарияланады.