"Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін қажетті техникамен қамтамасыз етілген" - Алматылық дәрігер

"Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін қажетті техникамен қамтамасыз етілген" - Алматылық дәрігер

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында №5 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Лаура Малдыбаева айтты.

 

Медицина қызметкерлері мен қала тұрғындарының қауіпсіздігі мақсатында, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап емханаларда онлайн-кеңестер ұйымдастырылды.

Осыған байланысты, барлық дәрігерлер жедел және уақтылы медициналық қызмет көрсету үшін барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

"Дәрігерлер онлайн-кеңес беру үшін барлық құралдармен, құрылғылармен, яғни компьютер, ноутбук, планшет, телефонмен қамтамасыз етілген. Дәрігерлерге алаңсыз онлайн-кеңес жүргізу үшін барлық жағдай жасалды", - деді Л.Малдыбаева.

Сонымен қатар, дәрігерлер толық жеке қорғаныс құралдарымен: әр ауысымға екі сағат сайын бір рет қолданылатын маскалар, бір рет қолданылатын қорғаныс костюмдері, дезинфекциялық құралдар, қолғаптармен қамтамасыз етілген.