Өзіңнен және басқалардан әлеуметтік қашықтықты сақтауды, маска тағуды талап ету керек – алматылықтарды өзденсаулықтарына бей-жай қарамауға шақыруда

Өзіңнен және басқалардан әлеуметтік қашықтықты сақтауды, маска тағуды талап ету керек – алматылықтарды өзденсаулықтарына бей-жай қарамауға шақыруда

Алматы психикалық денсаулық сақтау орталығының директоры Сапар Рахменшеев, өңірлік коммуникация қызметінің алаңындағы онлайн-сұхбат барасында Алматы тұрғындарына бірқатар кеңестер берді.

 

Ол қазіргі пандемия кезінде жеке және ұжым болып дезинфекция жасау, алдын-алу шараларын жүргізу қажеттілігіне баса назар аударды.

 

Елдегі індетпен күресіп жүрген алдыңғы қатардағы дәрігер ретінде, вирустан қорғанбаудың соңы неге алып келетіндігін, немқұрайлылықтың соңы немен бітетіндігін көріп жүрген медицина қызметкері ретінде, қала тұрғындарына эпидемиологиялық қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтауды қатаң ескертті.

 

Мүмкіндігінше қауіпті жерлерге бармау керек. Яғни халық көп жиналатын орындар- қауіпті болып саналады.

 

Сапар Рахменшеевтің айтуынша, адамдар бір- бірінен әлеуметтік қашықтықты сақтауды талап етулері керек. Міндетті түрде медициналық масканы қолданып, жұмыс орындарын, пәтерлерді және үйлерді жүйелі түрде зарарсыздандырып отыру қажет.

«Егер жеке қорғаныс құралдарын нақты нұсқаулық бойынша қолданса, ковидке қарсы енгізілген тазалық шараларын ұстанса, мұның бәрі ең соңында оң нәтижеге әкеледі. Яғни жұқтыру қаупін жоюға болады» , - деді С.Рахменшеев.