
Алматы қ. Психикалық денсаулық орталығының провизорлық стационарларының медициналық қызметкерлері тиісті көмекпен толық қамтылған.
Бұл туралы Алматы қаласы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен сұхбат барысында, Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев, орталық базасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар үшін құрылған провизорлық стационарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне қандай көмек көрсетілгендігі жайлы айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда қала әкімдігі тарапынан қауіпті індетпен күресіп жүрген алдыңғы шептегі дәрігерлерге барлық жағдайдың жасалуына ерекше көңіл бөлініп отырғанын еске саламыз.
«Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер жалақыларына қосымша үстеме алып отыр. Сонымен қатар тамақпен қамтамасыз етілген. Ал қонақ үйде тұруға өтініш білдірген 30 қызметкер, сонда тегін тұрып жатыр», - деді Сапар Рахменшеев. Сондай-ақ, ол орталықтың барлық медицина қызметкері қажетті жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілгендігін атап өтті.
Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Алматы қаласы психикалық денсаулықты сақтау орталығы КВИ белгісі бар науқастары қабылдайтын провизорлық стационар болып бағытын өзгертті. Осы мерзім бойы стационар 1800-ден астам адамды қабылдады. Олардың ішінде 152 адамнан коронавирус инфекциясы табылған. Олар тез арада инфекциялық стационарға емдеуге жіберілді.