
Қала бойынша ағымдағы жылдың 29 шілдесінде карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзғандарды анықтайтын (Алатау ауданы – 12, Алмалы – 3, Әуезов – 3, Бостандық – 4, Жетісу – 2, Медеу – 13, Наурызбай – 3, Түрксіб – 3) 43 мобильді топтар (олардың құрамына әкімдіктердің, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармаларының, жергілікті полиция қызметінің өкілдері енген) жұмыс істеуде.
Қазіргі кезде олар 308 нысанға мониторинг жүргізді, нәтижесінде Алатау ауданындағы 14 нысанның жұмысы тоқтатылды.
Жалпы, тексеру барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы 156 хаттама толтырылды.
- Алатау ауданы бойынша 13 хаттама толтырылды, 2020 жылдың 5 шілдесіндегі №78-ші қолданыстағы санитарлық ережені бұзған жеке тұлғалар;
- Әуезов ауданында 21 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабына сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды;
- Алмалы ауданы бойынша ҚР ӘҚБК 505 бабына сәйкес 11 хаттама және ҚР ӘҚБК 1 тарауының 425 бабына сәйкес 18 хаттама толтырылды;
- Бостандық ауданында – ҚР ДСМ 2020.05.07 бұйрығы, ҚР ДСМ -78/2020 бұйрығы,30/10 4,8 нүктесі бойынша СЭҚ 26 жеке тұлғаларға хаттама толтырды;
- Наурызбай ауданы бойынша - 20 әкімшілік хаттама (маска режимін бұзған 20 жеке тұлға) толтырылды;
- Медеу ауданы - 14 әкімшілік хаттама (ТҚСББ анықтаған әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты ҚР ӘҚБК-нің 1 тарауының 425 бабы ) толтырылды;
- Жетісу ауданы бойынша - әкімшілік құқық бұзушылықтың 425 бабы бойынша жергілікті полиция қызметкерлері жеке тұлғаларға жабық нысандарда маскалық режимді бұзғандарға қатысты 10 хаттама толтырды;
- Түрксіб ауданы бойынша шектеу шараларын бұзған 2 нысан анықталды, оларға СЭҚ-ке келу үшін шақыру қағазы жіберілді. Бұдан өзге, жеке тұлғаларға -17, ал заңды тұлғаларға 4 әкімшілік хаттамалар толтырлды.
Айта кетерлігі, мониторингтік топтар жұмыс істеуге рұқсат берілгенімен, бақылаудағы 207 нысан бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұдан өзге, СЭҚ-тің жедел желісіне 10 өтініш түсті. оның ішінде 6 өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мониторингтік топ 4 шағымды барып тексерді, оның 1-і анықталды, алдын алу, және түсіндіру жұмыстары жүрзілді, 3 шағым анықталған жоқ.