Алматы әкімі Президентке қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы баяндады

Алматы әкімі Президентке қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтанғаны туралы баяндады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаев телефонмен сөйлесу барысында Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаевқа эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және COVID-19-бен күрес туралы баяндады.

 

Б. Сағынтаев коронавирус ауруының төмендегенін, емделіп шыққан науқастар санының өскенін хабарлады.  Төсек-орындар және дәрі-дәрмектер қоры жасалды. ПТР диагностикасы зертханаларының қуаттылығы артуда.

Президент Қ.-Ж. Тоқаев  ахуалды қатаң бақылауда ұстап, аталған міндетке басым бағыт ретінде мән беруді тапсырды. Карантиндік шараларды сақтаудың маңызы зор, сондықтан азаматтармен белсенді түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет.