
Ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап күні бүгінге дейін қалада карантиндік және санитарлық-эпидемиологиялық режимді бұзғандарды анықтайтын 43 мобильді топтар (олардың құрамына әкімдіктердің, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармаларының, жергілікті полицияның өкілдері енген) жұмыс істеуде.
Мобильді топтар Президент пен Алматы қаласы әкімінің тапсырмаларын қала тұрғындарының жалпы қолданыстағы аумақтарда қалай орындап жатқандарына мониторинг жүргізеді.
Қаланың 8 аудандарына тексерулер жүргізілген, оның нәтижесі бойынша әкімшілік құқықты бұзғандары үшін жалпы саны 897 хаттама (кафетерийлер, сұлулық салондары, автожуғыштар, ТҚС, азық-түлік дүкендері, наубайханалар, көкөніс дүкендері, қоғамдық моншалар, бала бақшалар процедуралық кабинеттер, арнайы ХҚКО және жеке тұлғалар) толтырылды.
Айта кетерлігі, мобильді топтар карантиндік шараларды, әлеуметтік қашықтық пен маскалық режимді, сонымен қатар жұмыс істеуге рұқсат берілген сауда нысандарының жұмыс кестесі туралы халықты күн сайын хабардар етеді.
Бұдан өзге, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қызметін бақылау басқармасы қаланың барлық 8 ауданында «жедел желіні» іске қосты. Осы желі арқылы хабар түскен бойда мобильді топ жедел жетеді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.