Маусым айымен салыстырғанда дәріханалар алдындағы кезектер айтарлықтай азайды – Әуезов ауданының әкімдігі

Маусым айымен салыстырғанда дәріханалар алдындағы кезектер айтарлықтай азайды – Әуезов ауданының әкімдігі

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингісі барысында Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлы айтты.

 

Әуезов ауданында 14 дәріхана қалалық әкімдік ұсынған тапсырыс жеткізушілерімен дәрілерді жеткізіп беру туралы меморандумға қол қойды.

"Дәріханалардың мәліметтері бойынша медикаменттердің бар-жоғына, 19 дәрінің бағасына бақылау күніне екі рет және 41 дәрі түріне қатысты апта сайын әрбір жұма күні мониторинг жасалады. Мәліметтер Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына беріледі ", - деді Д.Қайратұлы.

Жүргізілген мониторинг барысында ағымдағы жылдың 17 шілдедегі жағдайы бойынша өткен аймен салыстырғанда дәріханалар алдындағы кезектер айтарлықтай төмендегені байқалған. Кезектердің азаю себебі интернет ресурстар мен колл-орталықтардың медикаменттердің бар-жоғы мен олардың бағасына қатысты ақпараттарды жедел беруінен болған.

"Тізім бойынша 19 медикамент, сонымен бірге, олардың баламалары дәріханаларда бар",- деп қосты өз сөзіне спикер.

Оның сөзіне қарағанда, күн сайынғы негізде құрамында әкім аппаратының қызметкерлері, прокуратура және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері бар мобильді топ қызмет етеді. Мобильді топтардың тексеруі барысында медикаменттердің бағасын көтерудің 8 фактісі анықталды, 4 дәріхана әкімшілік жауапккршілікке тартылған.