
20 қыркүйектен 21 қыркүйекке қараған түні Алмалы бекетінен Абай бекетіне дейінгі аралықтағы рельс бунағын ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, 21 қыркүйек күні метро бекеттері өз жұмысын сағат 07:00-ден бастайды.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Мұндай алдын алу жұмыстары пойыздардың жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет.
«Алматы қ. Метрополитені» ШЖҚ МКК