Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды

Алматыға кіреберісте блок-бекеттер орнатылмайды

Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің қалаларында карантиннің күшейтілуіне қатысты түсініктеме берді және 5 шілдеден бастап енгізілетін қосымша шектеу шаралары туралы хабарлады.

 

Эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында еліміздің барлық аймақтарына, соның ішінде Алматы қаласына қатысты бірқатар қосымша шаралар қабылданды.

Осылайша, 5 шілдеден бастап екі аптаның ішінде ірі сауда нысандары, жабық базарлар, фитнес-орталықтар, мектепке дейінгі балалар мекемесі, аквапарктер, моншалар, сұлулық салондары, шаштараздар және басқа да адамдар көп жиналатын орындардың жұмысы тоқтатылады. Бұқаралық іс-шараларға, соның ішінде конференцияларға, семинарларға және отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынады.

 

Азық-түлік дүкендері, ашық базарлар мен дәріханалардың қызметі тоқтатылмайды, бірақ жұмыс уақыты шектеулі болады. Ашық аспан астындағы тамақтану орындары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, жұмысын жалғастыра алады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ байланыссыз қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысына рұқсат етіледі.

Ерали Тоғжанов сондай-ақ, блок-бекеттер орнатылмайтынын және Алматы қаласына кіру үшін анықтамалар талап етілмейтіндігін айтты. Ол әуе қатынасы мен теміржол жолаушылар тасымалы да жұмыстарын тоқтатпайды. Жеке автокөліктермен қалаларалық қатынастарға да рұқсат етіледі.