Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді

Алматы дәріханаларында парацетамол қолжетімді

Онлайн-брифинг барысында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова елдегі эпидемиологиялық жағдай, сонымен бірге, Қазақстан аймақтарына дәрі-дәрімек пен жеке қорғаныс құрылдарын жеткізу мәселелеріне байланысты түсініктеме берді.

 

Елдегі эпидемиологиялық жағдай шиеленісіп тұр, коронавирус инфекциясының тіркелу жағдайлары орын алуда. Дәрі-дәрімекпен қамту мәселелері қосымша атап өтіліп, қазір олар шешімін тапты.

Людмила Бюрабекова соңғы кездері көптеген қалаларда дәріханаларда қызуды түсіретін дәрілік құралдардың жоқтығына байланысты дүрлікпе туындағанын атап өтті. Ол аталған мәселені шешу үшін жұмыстар жүргізілгенін, және дәрі-дәрімекпен қамту мәселесі дәрі өндірушілермен бірге шешімін тапқанын хабарлады.

Осылайша, бүгіннен бастап, дене қызуын түсіретін парацетамол препараты нарықта сатылымда бар.

«Қазір парацетамолды сатып алу жалғасуда. Бүгін ол Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды сияқты ірі қалаларда қолжетімді. Аптаның соңына дейін препарат елдің барлық өңірлеріне тиеліп, жөнелтіледі», - деп хабарлады Людмила Бюрабекова.

Сондай –ақ, арнайы мониторингтік топтардың қаладағы дәрі-дәрімекпен қамтуды қадағалайтынын, сонымен бірге, бөлшек саудадағы бағаны реттеп отыратыны да хабарланды.