
«Алматы-біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында жеке тұрғын үйлердің қоршаулары мен үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұнын жақсартуға бағытталған «өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды сырла» акциясы өтті.
Акция қорытындысы бойынша қала тұрғындарына Алматы әкімдігінен қоршауларды бояу үшін 2516 лак-бояу материалдары берілді.
Акция биылғы жылдың 8 мамырына дейін жалғасады, оған қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Өтінім беру үшін аудандық абаттандыру бөлімдеріне жауапты тұлғаларға жүгіну қажет (кесте қоса беріледі).
Лак-бояу материалы тегін берілді. Бір қолға 2 келіден артпайтын бояу бөлінеді.
«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының «Өнегелі ұрпақ» тақырыптық апталығы барысында ҰОС ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлер мен қарт адамдарға да көмек көрсетілді - 866 еріктілер мен қала тұрғындары қолдауға мұқтаж 114 үйде тәртіп орнатты. Жұмыстар барысында қоршаулар сырланып, жеке үйлердің аумағы тазартылып, ағаштарды санитарлық кесу және ақтау жүргізілді, гүлдер мен бұталар отырғызылды.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.
«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны туралы барлық ақпарат аlmaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналастырылған. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша баннерлерде, плакаттарда арнайы орналастырылған QR-код арқылы да кіруге болады.
Әлеуметтік медиа науқанының белсенді қатысушыларына арналған хэштегтер:#АлматыНашОбщийДом,#НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.
Бояуды алатын мекенжайлар мен байланыс нөмірлері
|
№ |
Аудан |
Сақталу орны/берілетін жер |
Жауапты |
|
1. |
Алатау |
Веселов, көш18 «А» |
Талғат +7 (708) 502 03 68 |
|
2. |
Алмалы |
Төле би, көш. 67 |
Нұрдәулет +7 (775) 888 77 55 |
|
3. |
Әуезов |
Мамыр - 1 ықш., 26/1 |
Бауыржан +7 (707) 008 09 13 |
|
4. |
Бостандық |
Тәжібаев, көш.,155 «А» |
Лидия +7 (777) 684 99 44 |
|
5. |
Жетысу |
Тихов көш., 87 «А» |
Нұрберген +7 (747) 772 74 78 |
|
6. |
Медеу |
Пушкин, көш.,72 |
Абылай +7 (778) 111 55 44 |
|
7. |
Наурызбай |
Байсұлтанов көш., 1/2 |
Оңалбек +7 (707) 300 03 55 |
|
8. |
Турксиб |
Шолохов көш.,9 |
Болат +7 (747) 139 93 60 |