
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау жалғасуда. Небәрі үш күнде алматылықтар 1 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Бұл азық-түлік, бірінші кезекте қажетті заттар, киім-кешек және т.б. Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.
Алматы қаласы Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 10-нан астам ірі волонтерлік ұйымы («QAMQOR CHARITY» ҚҚ, «Қазақстан волонтерлар лигасы» ҚҚ, СФРМ, Black Sea Fund «Newman» және т.б.) мен 50-ден астам ерікті жұмылдырылды.
Айта кететін нәрсе, қабылдау пункті аптаның соңына дейін жұмысын жалғастырады.
Гуманитарлық көмекті күн сайын сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін тапсыруға болады.
Гуманитарлық көмек келесі санаттарға бөлінеді: