Алматының Әуезов ауданында 2024 жылы 20 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда

Алматының Әуезов ауданында 2024 жылы  20 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда

Алматының Әуезов ауданында 20 мыңнан астам көшет және 180 км автосуару желісі: 2024 жылы ауданда қандай көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады

Өткен жылы Әуезов ауданында көгалдандыру аясында 10 мың көшет отырғызылды, деп хабарлады Алматы әкімі Ерболат Досаев халықпен кездесу барысында.

"Биыл тағы 20 мың ағаш отырғызу жоспарлануда", – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы ағаштарды күту үшін ұзындығы 180 км болатын 34 га алаңда автосуару жүйесін тарту жоспарланған.Монтаждау жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталады деді Алматы әкімі.