Алматының Медеу ауданында 2024 жылы 1500 орынды екі жаңа мектеп салынады

Алматының Медеу ауданында 2024 жылы 1500 орынды екі жаңа мектеп салынады

Алматының Медеу ауданындағы Құлжа тас жолының оңтүстігіне қарай "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2 мың орынды жаңа мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Әкімдіктің жобалық офисінің қолдауымен іске асырылатын "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы бойынша Алматыда 2024-2025 жылдары 37,1 мың орынды 22 оқу орнын салу қарастырылған.

Сондай-ақ, 2024 жылы ауданда 1500 орынды тағы екі жекеменшік мектептің құрылысын бастау жоспарланған: "Думан" шағын ауданында 1200 орындық және Халиуллин көшесінде 300 орындық. Іске асыру мерзімі-2024 жылдың соңына дейін.

"Біздің жұмысымыздың басты бағыты – қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту. 2023 жылы №48 мектеп жанындағы 250 орынды қосалқы нысан реконструкцияланды және №131 мектеп сейсмикалық күшейтілді және күрделі жөнделді. Ағымдағы жылы №35 мектеп жанынан 300 орынды, №99 мектеп қасынан 250 орынды, №131 мектеп жанынан 300 орынды қосалқы нысандар салу жоспарланған", - деді қала басшысы.